Оқиға

Атырауда үш көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды

26 қаңтар күні сағат 08:20 шамасында Атырау-Дамбы тасжолында орналасқан көлік жуу орталықтарының бірінің тұсында қала бағытынан Дамбы ауылына қарай бағыт алған Lada Priora автокөлігі жолдан тайып кетіп, жолдың қарсы бағытында келе жатқан Kia Rio және Ваз-2112 автокөліктеріне соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен Ваз-2112 автокөлігінің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Lada Priora автокөлігінің 46 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта іс-құжаттар жинақталуда.

-->