Оқиға

Елордада төлем терминалынан ақша ұрлағандар ұсталды (ВИДЕО)

Екі күдікті Ә.Бөкейхан көшесіндегі үйдің ауласында орналасқан төлем терминалын таңдаған. Түнгі уақытта жігіттер шарқайрақтың көмегімен төлем терминалын кесіп, ақша қаражаты бар ақша қабылдағыш құрылғыны ұрлап әкеткен. Олар бір күн бұрын құрылыс дүкенінен осы мақсаттарына пайдалану үшін шарқайрақты жалға алған.

Шабуылдаушылардың терминалды кесіп жатқандағы күдікті әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ұрылар бұл әрекеттерінен байып кете қойған жоқ, себебі ақша қабылдағышта бар болғаны 20 мың теңге ақша бар болып шықты. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 26 жастағы екі күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстады. Олардың бірі ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

-->