Павлодарда оқушылар атыс шығарды
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, салдарынан 34 жастағы ер адамның терезесі бүлініп, ол полицияға шағымданған. Аталған жайт туралы хабарлама полицияға 23 қаңтар күні кешкі алты шамасында түскен. 34 жастағы ер адам белгісіз біреулер Бұқар Жырау көшесінің бойындағы үйдің үшінші қабатынан оқ атқанын айтқан. Салдарынан оның балконының терезесі бүлінген.
Тәртіп сақшылары мұндай әрекетке барған адамдарды іздеуге бірден кіріскен. Ақырында олардың қаладағы бірнеше мектепте білім алатын оқушылар екені анықталған.
Оқ үйге қарама-қарсы пәтердің терезесіне тиген. Құзырлы орган тапаншаға ұқсас затты тәркілеп, сараптамаға жібергенін атап өтті. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция балалардың әрекетіне ата-анасы жауап беретінін айта кетті.
-->Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, салдарынан 34 жастағы ер адамның терезесі бүлініп, ол полицияға шағымданған. Аталған жайт туралы хабарлама полицияға 23 қаңтар күні кешкі алты шамасында түскен. 34 жастағы ер адам белгісіз біреулер Бұқар Жырау көшесінің бойындағы үйдің үшінші қабатынан оқ атқанын айтқан. Салдарынан оның балконының терезесі бүлінген.
Тәртіп сақшылары мұндай әрекетке барған адамдарды іздеуге бірден кіріскен. Ақырында олардың қаладағы бірнеше мектепте білім алатын оқушылар екені анықталған.
Полицейлер Павлодардағы №6, 16, 24, 29 және 34 мектепте білім алатын 13-15 жастағы жеті баланы анықтады. Олар 23 қаңтарда сағат 15:30 шамасында компьютерлік ойын ойнау үшін достарының үйіне жиналған. Жасөспірімдердің бірі танысынан алған тапаншаға ұқсас затты алып келген. Қызық көрген жеткіншектер яғни бесеуі оның істеп тұрғанына көз жеткіу үшін балконға шығып, кезек-кезек атқан, - дейді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінен.