Оқиға

«Атып кеткен»: Алматыда бүлік кезінде із-түзсіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Жағыпаровтың туыстары хабарлағандай, ол 6 қаңтарда шамамен сағат 18:40-18:50 кезінде Сәтпаев пен Назарбаев көшелерінің қиылысында жоғалып кеткен. Сәрсенбі, 12 қаңтарда оның көз жұмғаны туралы суыт хабар келген.

Sputnik Қазақстан-ның мәлімдеуінше, көз жұмған ер адамның туыстары оны атып кеткенін айтқан.

Еске сала кетейік, дәл сол уақытта және сол ауданда 6 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын да өлтіріп кетті

Оқу орнының мәліметінше, сол күні комендант сағаты басталғанға дейін сағат 18:35 шамасында Елнар өз көлігімен Назарбаев көшесі арқылы үйіне қайтып келе жатқан. Ол Сәтпаев көшесіне жетпей жол қиылысында тоқтағанда, белгісіз біреулер оның көлігіне оқ жаудырған. Жігіт оқиға орнында көз жұмды.

-->