Оқиға

Орталық музей қызметкерлері жәдігерлерді бүлікшілерден қалай қорғап қалды

Директордың  орынбасары қаңтардың 5-і күні қаладағы жағдай шиеленісе бастағанда музей қызметкерлерін үйлеріне жіберіп, 5 инженерлік бөлімнің жетекшілерін алып қалғанын айтады. Оның ішінде өрт сөндіру, электро техникалық қызмет, ғимаратқа қызмет көрсету бөлімінің жетекшілері мен бас инженер болған.

Сағат 14.00 шамасында бүлікшілер әкімдік жаққа жиналып, қақтығыстың белгнілері білоіне бастаған. Оқ атылып, газдың жарылған дыбысы шыға бастайды. Осы сәтте музейдің айналасы адам нөпіріне толып кетеді.

Сағат 16.00 шамасында бүлікшілер музейдің орталық есігін бұза бастайды. Бибігүл Дандығараева күзетте тұрған полиция қызметкерлерін қорғауға жіберсем жағдай ұшығып кете ме деп, оларға жертөлеге жасырынуға кеңес береді. Сөйтіп бүлікшілерге қарсы өзі барады. 

Ол лаңкестерді сол жерде ештеңені бүлдіртпей бес сағат ұстап отырғанын айтады. 

Оның айтуынша, кешкі сағат 21.00 шамасында бүлікшілердің басшылары келіп, бәрін алып кеткен. 

Музейде халықтың баға жетпес құндылықтары сақталған. Егер бүлдірсе оны қайтару мүмкін емес, өртеп жіберсе басқа жақтан сатып әкеле салуға келмейді,деген ол өзінің де сол жерде құрбан болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

-->

Өйткені біздің музей жанындағы Әкімдік ғимараты мен Президент резиденциясында қақтығыс болып жатты әрі ол уақыт өткен сайын күшейе түсті. Сондықтан осындай шешім қабылдауыма тура келді. 5-6 қызметкерге кешке дейін музейді күзетуіміз керек дедім. Одан бөлек бізді ҚР ІІМ-нің екі қызметкері күзетіп отырады, алайда ол аздық ететінін түсіндім, сол себепті жұмыста қалдық,-дейді ол.

Сағат 14.00 шамасында бүлікшілер әкімдік жаққа жиналып, қақтығыстың белгнілері білоіне бастаған. Оқ атылып, газдың жарылған дыбысы шыға бастайды. Осы сәтте музейдің айналасы адам нөпіріне толып кетеді.

Бір мезетте музейдің артына  жаралы полицияны адамдар сүйреп әкеле бастады. Менің ойымша, олар әкімдік ғимаратын күзетіп отырған полиция қызметкерлері болды. Бірден шешім қабылдап, жанымдағы техника бөлімінің жетекшілеріне артқы есікті ашқызып, оларды кіргізіп алдық. Алғашқы көмек көрсеткен соң, оларды музейдің жертөлесіне апарып жасырдық. Олардың арасында қолы, аяғы, қабырғасы сынғандар болды. Басы жарылып, беттерін қан басқан,-дейді  Б. Дандығараева.

Сағат 16.00 шамасында бүлікшілер музейдің орталық есігін бұза бастайды. Бибігүл Дандығараева күзетте тұрған полиция қызметкерлерін қорғауға жіберсем жағдай ұшығып кете ме деп, оларға жертөлеге жасырынуға кеңес береді. Сөйтіп бүлікшілерге қарсы өзі барады. 

Олар есікті бұзып кірген бойда ештеңені ойламастан алдарынан шықтым.  Музейдегі заттар бүлінетін болды, ұрланатын болды деп қана ойладым. Ол кезде өзімді ойлайтын жағдай болмады, тек қызметтік міндетімді атқарып, ұлттық құндылықтарды қайтсек те сақтап қалуымыз керек деген ойда болдым. Бүлікшілердің барлығы 20-30 жас аралығындағы азаматтар. Меніңше, олардың ішінде зорлықпен жүргендер де болды. Бәрі қаруланған, көбінің қолында лом, арматура, пышақ, темір-терсек болды. Тіптен, полиция қызметкерлерінің киімін киіп, дубинкаларын алып алған.  Олар есікті сындырып кіріп бәрін ұрғылай бастады. Бірден 200-дей адам басып кірді. Мен еш қорықпастан дауысымды қаттырақ шығарып, келіссөз жүргізуге тырыстым. Бұл музей, ештеңеге тимеңдер дедім. Бір сөзбен айтқанда оларды тоқтаттым,-дейді қайсар Б. Дандығараева.

Ол лаңкестерді сол жерде ештеңені бүлдіртпей бес сағат ұстап отырғанын айтады. 

Олар музейде бірін-бірі күтіп отырды. Бір шығып, қайта кіріп жүрді. Президен резиденциясы жағындағы соғысқа бірі барып, тағы бірі келіп жатты. Арасында келіп «бұл жерді полиция қызметкерлері күзетпей ме деп сұрады». Жоқ өзіміз күзетеміз деп жауап бердім. Басшылары ма біреу ештеңеге тимеңдер дегендей болды. Әйтпесе барлығы бірден Алтын адамға қарай жүгірген. Келіп «қылыш, найза, садақ бар ма» деп сұрап жатты. Әйтеу құдай сақтады,-дейді ол.

Оның айтуынша, кешкі сағат 21.00 шамасында бүлікшілердің басшылары келіп, бәрін алып кеткен. 

Менің пайымдауымша, олар әуежай жаққа кеткен сияқты болды, өйткені әуежай деген сөздер айтылды. Арасында 20 шақтысы намазын оқып барып бірақ шықты. Ішінде дін жолына түскендер де болды. Ал, полиция басшылығы жертөледегі қызметкерлерімен ұялы телефон арқылы байланысып тұрды. Түнгі сағат 23.00 шамасында командирлері бізге алғысын айтып, музейдің артқы есігінен оларды шығарып алып кетті,-дейді Дандығараева. 

Музейде халықтың баға жетпес құндылықтары сақталған. Егер бүлдірсе оны қайтару мүмкін емес, өртеп жіберсе басқа жақтан сатып әкеле салуға келмейді,деген ол өзінің де сол жерде құрбан болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Олардың тоқтауына не әсер еткенін білмеймін, мүмкін киелі заттардың күші, не менің аналық қасиетім әсер еткен болар. Қазір музейде бәрі дұрыс, еш заты ұрланған жоқ, қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр,-дейді музейдің жүрек жұтқан маманы.