«117 мың теңге»: жедел жәрдем шақырған Ақтау тұрғыны айыппұл арқалады
Ақтауда 29 жастағы тұрғын әзіл үшін жедел жәрдем «шақырамын» деп басы дауға қалған. Ол телефон арқылы дәрі таблеткаларын көптеп ішіп алғанын айтып, жалған айтқан. Бірақ бригада келген кезде оның өміріне қауіп төніп тұрмағаны анықталып, салдарынан оған айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің өкілдері хабардар етті, деп жазады Lada.kz.
«Оқиға 22 мамырда сағат 22:00-де болған. «103» пультіне Ақтау қаласы 26 шағын ауданы тұрғынанына қоңырау түскен. Ол көптеп дәрі ішкенін айтқан.
Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына келгенде ер адам бұл әрекетке әзіл үшін барғанын жеткізген», - делінген Маңғыстау облыстық Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Шақырту жалған деп танылды. Қоңырау шалған адамға қатысты ҚР Әкімшілік заңбұзушылықтар туралы кодексінің 438-бабына сай әкімшілік хаттама толтырылды.
«Арнайы қызметтерге жалған айтып, жүгінгені үшін Ақтау тұрғынына 117 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп жазылған хабарламада.