103 жасқа толып өмірден өткен қарт кісінің жаназасында ақша шашты
Желіде 103 жасқа келіп қайтыс болған қарт ананың жаназасында ақша шашылғаны елдің жағасын ұстатты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Халық арасында ұзақ жасап, бала-шағасының ортасында көз жұмған қариялар мәңгілік мекеніне аттанғанда «той» деп жататыны бар. Бірақ мына көріністі көрген көпшілік мұны әдеп пен салт-дәстүрге жат екенін айтысты.
«Айтарға сөз жоқ», «Қанша жаста болса да анаң ғой ол», «Қазақтардың ойлап таппайтыны жоқ», «Еріккеннің ісі», «Құран оқу керек» деп жазды оқырмандар.