«1,2 млрд теңге, 13 премиум кластағы көліктер»: Тағы бір қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен Asar Baspana қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30%-ға дейін пайда табуға уәде берген.
Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.
Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.