Жұлдыз Сүлейменованың Мәжілістегі өкілеттігі тоқтады
Мәжіліс Амаnат партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Парламенттің жетінші және сегізінші шақырылымдарында Жұлдыз Сүлейменова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде белсенді қызмет атқарды.
Оның жетекшілігімен әйелдердің құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соның ішінде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларына бағытталған елеулі заңнамалық түзетулер әзірленіп, енгізілді.
Айта кетейік, Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған болатын.