Техникалық қарасора өсімдігін өндірістік мақсатта өсіруге рұқсат етілуі мүмкін
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында айтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ел экономикасын дамыту және отандық әрі шетелдік инвесторларды тарту мақсатымен заң жобасында өндірістік мақсатта өсіруге рұқсат етілетін каннабис (қарасора) өсімдігінің сорттарын заң жүзінде реттеу ұсынылады.
Уәкілетті мемлекеттік орган – Ауыл шаруашылығы министрлігі қарасора өсімдігіндегі тетрагидроканнабинол (есірткілік қосылыс) мөлшерінің шекті деңгейін анықтайтын болады – болжам бойынша 0,3%-ға дейін.
Техникалық қарасораны қайта өңдеу мәселелерімен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі айналысады.