Қазақстанда тауар таңбасын тіркеу жеделдетіледі
Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі заң жобасында таңбаларды тауар белгілері ретінде сараптау мен тіркеуді жеделдету нормасы қарастырылған. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алдын ала сараптама жүргізу мерзімін өтініш берілген күннен бастап бір айдан 10 жұмыс күніне дейін, ал толық сараптама жүргізу мерзімін жеті айдан үш айға дейін қысқарту ұсынылады. Бұл дамушы брендті пайдаланудан пайда табуға байланысты үшінші тұлғалар тарапынан болатын жосықсыз іс-қимылдардың алдын алуға көмектеседі.
Сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдерді дараландыру құралдары мен өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша мамандандыру енгізіледі. Оның болмауы қазіргі уақытта зияткерлік меншіктің жекелеген салаларында, әсіресе, техникалық күрделі салаларда сараптамалардың шектелуіне әкеледі.
Түзетулер тауар белгілерін тіркеуден бас тарту негіздерін де нақтылайды. Мысалы, 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі одақ елдерінің туларының, елтаңбаларының және эмблемаларының жеке элементтерін қамтитын белгілер тауар белгісі ретінде тіркелмейді. Сондай-ақ формальды сараптама сатысында өнертабысқа патент беруден бас тарту мүмкіндігін белгілейтін жеке ереже де қарастырылған.