Мәжіліске жаңа депутат қосылды
Әбутәліп Мүтәлі Мәжілістің жаңа депутаты атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келді.
Әбутәліп Мүтәлі – AMANAT партиясы фракциясының өкілі.
Бүгін ол жалпы отырыста Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.
Партия мәліметінше, Әбутәліп Мүтәлі – Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі және «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласының маманы ретінде танымал.