Мәжіліс

Ерлан Саиров: Қазақстанда технологиялық ұлт қалыптасады

Мәжілісте Amanat партиясы фракциясының отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Жиын барысында Мәжіліс депутаты, партия фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел дамуына қатысты маңызды бастамалар көтергенін атап өтті.

«Әлемде турбуленттілік артып келеді. Ол да бүгінде қалыпты жағдайға айналды. Оған Қазақстанда 30 жыл бойы қордаланып келген проблемалар қабаттасып жатыр. Осы проблемалар ел экономикасын тежеп тұр. Жаһанда мұнай бағасының да құлдырап кету қаупі бар. Мемлекет басшысы бұған жауап ретінде АЭС салу жөнінде бастама көтерді. Яғни, Қазақстанда технологиялық ұлт қалыптасады деген сөз. Сондай-ақ Президент сирек кездесетін металдар өндірісін дамыту жөнінде нақты тапсырма берді. Сирек кездесетін металдар – ХХІ ғасырдың мұнайы. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда ондаған триллион доллардың қоры бар. Яғни, еліміз ХХІ ғасырдың технологиялық желісіне ену мүмкіндігіне ие», – деді депутат.