Енді 6 ай МӘМС жарнасы төленбесе ғана азаматтар жүйеден шығады – Асхат Аймағамбетов
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жазда еңбек демалысына кететін мұғалімдер тап болатын проблема шешімін тапқанын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мұғалімдер неге жазда 3 айда жарна төлеп отырса да, жүйеден шығып қалып отырды? Өйткені мамыр-маусым айында 3 айдың жарнасын бухгалтерлер бір айда төлеп тастайды. Сол себепті ол басқа 3 айға төлемеген сияқты болып тұрады. Осы заң жобасына түзету енгіздік, ол қолдау тапты», - деді депутат.
Енді 6 ай МӘМС жарнасы төленбесе ғана азаматтар жүйеден шығады.
Аймағамбетов атап өткендей, бұл өзгеріс тек мұғалімдерге ғана емес, еліміздің МӘМС жүйесіне қатысатын барлық азаматына қатысты.