Мәжіліс

Екатерина Смолякова Мәжіліс депутаты болды

Екатерина Смолякова Мәжілістің жаңа депутаты атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол Respublica партиясы фракциясының өкілі.

Бүгін ол Мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды.

Айта кетейік ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Руслан Берденовтің орнына келді.