«Бюджетке түсетін салмақты азайтады»: министр эндоумент қорларының пайдасын түсіндірді
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжілістің жалпы отырысында айтты деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Эндаумент қорларының пайдасы қандай?» деген сұраққа қайта оралсақ, заңның қабылдануы кез келген әлеуметтік маңызы бар салада – білім беру, денсаулық сақтау, бұқаралық спорт, мәдениет салаларында эндаумент қорларын құруға мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік саладағы мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты кезең-кезеңмен азайтуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, эндаумент қорларын дамыту экономикадағы жинақтардың өсуіне және сәйкесінше қаржы нарығына капиталдың келуіне ықпал ететіні маңызды.
Үшінші, қоғамда қайырымдылық мәдениетін дамыту. Бүгінде еліміздің ауқатты азаматтары тарапынан әлеуметтік маңызы бар жобаларға инвестиция салу қажеттілігі туындап отыр. Ірі инвесторлар өз қаражатына университеттер, мектептер, ауруханалар салады. Эндаумент қорының тетіктері ірі инвесторлармен қатар қарапайым азаматтарға да қайырымдылық жобаларына өз үлесін қосуға жол ашады», - деді министр.