Мәжіліс

Банк операцияларына қосылған құн салығы салынады – министр

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірінші оқылымда Салық кодексінің жобасы мен салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді талқылады. Онда Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин банк операцияларына қосылған құн салығы салынатынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың бағасының өсуіне жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп ағымдағы бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді. Алтыншы – арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі. Жетінші – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша бәрін сол күйінде қалдырамыз. Яғни, 70% жеңілдік қалады. Сегізінші – өңдеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады», - деді С.Жұманғарин.