Мәжіліс

Astana Hub өзін-өзі ақтауы үшін қанша жыл керек – Қарақат Әбден

Бұл сұрақты мәжілістің жалпы отырысында депутат Қарақат Әбден қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Заң жобасының өзгерістері Astana Hub-тың өзін-өзі ақтауына мүмкіндік беретіні айтылды. Astana Hub өзін-өзі ақтау үшін қанша уақытты қажет етеді және осы тұрғыда өздеріңіздің есеп-болжамдарыңыз бар ма?» - деп сұрақ қойды депутат.

Бұл сауалға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жауап берді.

«Astana Hub-тың қатысушылары табыстан 1 пайыз мөлшеріндегі төлемді алады. Қазіргі таңда Astana Hub-тың қатысушы компанияларының саны 1500-ден астам. Біздің болжамымыз бойынша бұл көрсеткіш жылдан-жылға 10-15 пайызға ұлғаяды. Astana Hub өзін-өзі ақтауы үшін ең азы төрт-бес жыл керек. Сөйтіп, бюджеттен алған 1,5 млрд теңге қаражат біртіндеп азаяды.», - деді Жаслан Мәдиев.