Еңбек адамы

Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді

Астанада 28 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Алматы» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz

Бұл іс-шара – жұмыс іздеп жүрген кез келген адам үшін жақсы мүмкіндік.

Жәрмеңкеде түрлі саладағы 90 ұйымнан 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады. Өндірістік кәсіпорындардың, қызмет көрсету компанияларының және білім беру мекемелерінің ұсыныстарымен танысуға мүмкіндік қарастырылған.

Сонымен қатар жиынға Joltap бағдарламасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының және қаржы ұйымдарының өкілдері қатысып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді.

Сондай-ақ жәрмеңкеге Отбасы банкінің өкілдері қатысып, тұрғын үй бағдарламалары мен отбасыларға арналған мүмкіндіктер туралы мәлімет береді.