Еңбек адамы

Елордалық колледждер ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатты

Amanat партиясының жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен Астана қаласы әкімдігінің ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің базасында жұмысшы мамандықтарын дамыту бойынша әріптестік тақырыбында мәслихат депутаттары мен жетекші компаниялардың кездесуі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.   

Кездесуге Amanat партиясының хатшысы, Әйелдер қанатының төрайымы Шолпан Каринова, Amanat партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхамеджан Болысбек, сонымен қатар Астана қаласы мәслихатының бірқатар депуттары және ірі кәсіпорын басшылары қатысты.

Amanat партиясы Астана қалалық филиалының әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі жөніндегі кеңесшісі Салтанат Дженалаева модераторлық етті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық орнату. 

Кездесудің нәтижесінде ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі, Технологиялық колледж, Техникалық колледж, Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі, Құрылыс-техникалық колледжі «ЛС ГРУПП» ЖШС, PAVING STONE COMPANY ЖШС, DIGITAL SYSTEM SERVICE ЖШС, DAT KZ ЖШС, «Мастер кофе» COMMUNITY компаниясы, «Единый консолидирующий центр» ЖШС, «Ақмол холдинг» ЖШС секілді ірі кәсіпорындармен меморандумға қол қойды.