Мәдениет

Жанарбек Әшімжанов: Көркемдік-сараптамалық кеңес құру керек

Мәжіліс депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов Премьер-министр Олжас Бектеновке отандық киноның сапасына қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Халық қалаулысының айтуынша, ұлттық киноға көңіл бөлудің маңызы сәт сайын артып тұр.

«Елімізде түсірілетін фильмдердің идеологиялық, тілдік, ұлттық ұстанымын реттеу тетігін қарастыратын арнайы көркемдік-сараптамалық кеңес құру керек. Мемлекеттік тілдегі ұлттық фильмдердің үлес салмағына басымдық беру қажет. Фильмдерде мемлекеттік тіл нормаларының бұзылуы қатаң қадағалануға тиіс. Сондай-ақ халықты арнайы ұлттық киноларды көрсететін кинотеатрлармен қамтамасыз ету керек», – деді депутат.