Мәдениет

XVII «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады

24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді. Биылғы фестивальге 15-тен астам ел қатысады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кинофестивальді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастыруда.

Биылғы конкурс бағдарламасында үш құрлықтан келген 12 фильм көрсетіледі. Қатысушылары сан алуан, ауқымы кең фестивальде ұсынылған фильмдер түрлі мәдениеттер мен көзқарастардың бай палитрасын көрсетеді. Конкурс Бангладеш пен Оңтүстік Кореядан бастап, Аустрия мен Қатарға дейінгі елдердің туындыларын қамтиды. Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген шығармашылық топтар әмбебап тақырыптар мен жергілікті контекстті біріктіретін жұмыстарды ұсынбақ, - делінген министрлік ақпаратында.

2024 жылы «Еуразия» тек фильмдер фестивалі ғана емес, кино әлеміне саяхат болмақ. Іс-шара көрермендер мен қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлап, жаңа мүмкіндіктер ашады.