Табиғат Зейнұлқабден: Наурыз - елдің бірлігі мен татулығын дәріптейтін ерекше мейрам
Астана қаласы мәслихаты төрағасы Табиғат Зейнұлқабден елордалықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті Астана қаласы тұрғындары мен қала қонақтары!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз - көктемнің жаңаруын, табиғаттың жандануын, елдің бірлігі мен татулығын дәріптейтін ерекше мейрам. Бұл күн - өткенге тағзым етіп, болашаққа үміт артатын, ырыс пен берекенің, мейірім мен ізгіліктің бастауы.
Баршаңызға мықты денсаулык, мол бақыт, бақ-береке тілеймін!
Күндеріңіз шуақты, еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз берекелі болсын!», - деп құттықтады ол.