Мәдениет

Шетелдік туристер саны 4 млн-ға артады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Туризмді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асатын жоспарлар туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Оның пайымдауынша, «Саяхат» жіктемесі бойынша қызметтер экспорты 5,5 млрд АҚШ долларына дейін өспек. 

-->

 

«Барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс 2030 жылға қарай ішкі туристер санын 11 млн адамға, ал шетелдік туристер санын 4 млн адамға дейін арттыруға септік етеді. Қазақстанның орналасу орындарында төсек-орын санын 280 мың бірлікке дейін жеткізу күтіліп отыр», - деді министр. 

Оның пайымдауынша, «Саяхат» жіктемесі бойынша қызметтер экспорты 5,5 млрд АҚШ долларына дейін өспек.