Мәдениет

«Сағынышқа оралу»: Елордада Бәзілжан әулетінің кездесу кеші өтті

«Сағынышқа оралу»: Елордада Бәзілжан әулетінің кездесу кеші өтті

 «Ұлттық мұра» жобасы аясында өткен кешке Парламент Сенаты мен  Мәжілісінің депутаттары, жазушылар одағының мүшелері мен елордалық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Думан Бәзілжанұлы 1978 жылы 10 қарашада ҚХР-ның  Текес ауданында  туылған.  Ақын, сазгер, аудармашы. Іле облыстық жазушылар мен аудармашылар одағының, Шин жиаң жазушылар одағының және аудармашылар одағының мүшесі. Текес аудандық мәдениет мекемесінде және Іле облыстық тіл-жазу көмитетінде жауапты қызметтер атқарған.

Парламенті мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан салтанатты кештің мәні мен маңыздылығына тоқталып, «Amanat» партиясының хатшысы Шолпан  Каринованың атынан Бәзілжан әулетіне Алғыс хат табыстады.

Ақын Думан Бәзілжанұлының Қытайдың Пекин қаласында өлеңдер жинағы шыққан. Кеш барысында ақын өзінің алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісіп, жиынды ұйымдастыруға ат салысқан жандарға алғыс білдірді.

WhatsApp Image 2024-02-09 at 17.33.58 (1).jpeg

WhatsApp Image 2024-02-09 at 17.34.00.jpeg

Кездесу кеші барасында Думан Бәзілжанұлының жұбайы Нұрбүбі Нұрымбайқызы «Мұқағали» «Дала сыры» күйлері мен Қожеке Назар ұлының күйі «Сайрам көл» күйін шертті. Сонымен қатар ақынның ұлы Қайнар Бәзілжанұлы өз әні «Астана аруы» әнін орындады. 

-->

Бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай біздің бауырымыз, қазақтың талантты ақыны Бәзілжан әулетінің кездесу кеші өтіп жатқанына қуаныштымын. Бауырымыз әрқашанда елдегі шығармашылық тұлғалармен жиі байланыста болды. Бүгінде ұлтқа қызмет етудің үлгісін көрсетіп жүрген  біздің бауырларымыз еліміздің әрбір саласында қызмет етіп жүр.  Думан Бәзілжанұлы өзінің шығармашылық биігіне көтеріліп келе жатыр. Біз қашан да сырттан келген ағайындарымызға қош келдіңіздер деп айтамыз. Осы орайда «Amanat» партиясы әрқашан мәдени жобаларды қолдап отыратынын атап өткім келеді. Думанның ұлы Қайрат қазақтың талантты сазгерлерінің қатарын толықтырып келе жатыр. Ал Думанның жұбайы Нұрбүбі Нұрымбайқызы дәстүрлі күй өнерінің бастауында тұрған тұлғалардың жалғасы деп айтар едім. Осы әулеттің қуанышына орай «Amanat» партиясының хатшысы Шолпан  Каринова партия басшылығы атынан Алғыс хатын жолдады. Бұл елімізде бұл әулетке деген құрметтің бастауы болсын деймін. Осындай жиындар арқылы халықтың әдебиет пен мәдениетке деген құзығушылығын арттырамыз деп ойлаймын,- деді Жанарбек Әшімжан.

Ақын Думан Бәзілжанұлының Қытайдың Пекин қаласында өлеңдер жинағы шыққан. Кеш барысында ақын өзінің алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісіп, жиынды ұйымдастыруға ат салысқан жандарға алғыс білдірді.

WhatsApp Image 2024-02-09 at 17.33.58 (1).jpeg

Елге оралғаныма жақында бір жыл болады. Бала күнімізден елге оралу бізге сағыныш болды деп айтар едім. Сондықтан да бүгінгі өнер кешін «Сағынышқа оралу» деп атадым. Одан бөлек бүгінгі кеш мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күнімен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымын. Біз ақиық ақынның өлеңдерін бала кезімізден жаттап өстік. Оның өлеңдері қазақтың бойтұмары іспеттес. Алдағы уақытта бір бөлігі Қытайда жазылып бастаған өлеңдер жинағымды елде аяқтап, жарыққа шығарсам деймін. Сонымен қатар осындағы әдеби қауым өкілдерімен етене араласып, қазақ әдебиетіне өз үлесімді қосуды ойлаймын.  Бүгінгі жиынды ұйымдастыруға қолдау білдірген «Amanat» партиясына алғысымды айтамын,- деді ақын. 