Мәдениет

Сәкеннің 3 костюміне мың оқырман таласты

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев мүшел жасқа толғанына орай киімдерін тыңдармандарына сыйлады.

Әншінің жанкүйерлері оған риза болып, «Мүшелден мүшел жасқа жете беруді Аллам нәсіп етсін», «Жасыңыз құтты болсын, сізді жақсы көреміз», «Жүз жасаңыз», деген сияқты тілектерін жазды. 

-->

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев мүшел жасқа толғанына орай киімдерін тыңдармандарына сыйлады.

«Мүшел жасыма байланысты 3 костюм сыйлаймын деген уәдемді бүгін орындайын. Қаншама жандар неше түрлі ойын шарттарын ұсынды. 800-ден аса пікірден бөлек, мыңға жуық тыңдарман «Маған сыйға тартыңыз», «Балам өнерге ынтық, өскен соң киер», «Кимесек де естелік болып қалсын», «Тура менің өлшемім екен, мен алайын», деген сынды 500-ге тарта хабарламалар келіп түсті. Көлдей көңілдеріңізден айналып кетейін. Бұдан бөлек сахналық емес, күнделікті киетін киімдерімді бір-екі досыма бермекпін. Тағы қайталап айтайын, мүшелден шықсам да, мүшелге кірсем де бір Аллаға сыйынып, бір Аллаға тәуекел етіп, бір Алланың тағдырына иман келтірген жанмын. Мүшелден мүшелге аман-есен жете беріңіздер. Алла тағала бар жақсылықты нәсіп етсін. Бәріңізді құшақтадым», – деп жазды әнші. 

Әншінің жанкүйерлері оған риза болып, «Мүшелден мүшел жасқа жете беруді Аллам нәсіп етсін», «Жасыңыз құтты болсын, сізді жақсы көреміз», «Жүз жасаңыз», деген сияқты тілектерін жазды.