Мәдениет

Республика күнінің тарихи маңызы зор – Мейір Байнеш

«Астана Опера» театрының репертуары жылына кемінде бір опералық спектакльмен толығып отырады. Бұл туралы театрдың жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейір Байнеш айтты, деп хабарлады Elorda.info

16-10-5.jpg

Ол Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында солист болып жұмыс істеген. Ал 2014 жылдан бастап  «Астана Опера» театрында жетекші солист ретінде қызмет етеді. 

16-10-4.jpg

Сондай-ақ Мейір Байнеш қазақстандықтарды алда келе жатқан Республика күнімен құттықтады. 

-->

«Астана Опера» театрының репертуары жылына кемінде бір опералық спектакльмен толығып отырады. Бұл туралы театрдың жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейір Байнеш айтты, деп хабарлады Elorda.info

Әкеге қарап ұл өсер» демекші, менің осы салаға келуіме әкем  Жеңіс Борантайұлы себепкер болды. Сол кісінің жетекшілігімен вокалмен  айналыса бастадым.  Ал  консерваториядағы ұстазым, профессор, Қазақстанның Халық әртісі Ғ.Есімов болды.  Сөйтіп, ұстазымның сыныбында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Жеке ән айту» мамандығы бойынша  2010 жылы тәмамдадым.  Жалпы, опера өнері ұшы-қиыры жоқ шексіз әлем ғой. Сондықтан  әртістерге, бізге білімімізді жетілдіру, тәжірибе алмасу ешқашан артықтық етпейді. Опера әншісі ретінде шеберлігімді шыңдау үшін операның Отаны саналатын Италияда тәжірибеден өтіп,  М.Френи, Р.Брузон, П.Барбаччинидің шеберлік сабақтарына қатыстым. Маған сондай мүмкіндіктің берілгеніне тағдырыма өте ризамын, - деді өнер иесі.

16-10-5.jpg

Ол Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында солист болып жұмыс істеген. Ал 2014 жылдан бастап  «Астана Опера» театрында жетекші солист ретінде қызмет етеді. 

Бүгінде елордалық театр сахнасында М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсындағы Біржанның,  Е.Брусиловскийдің  «Қыз Жібек» операсындағы Төлегеннің, А.Жұбанов және Л.Хамиди «Абай» операсындағы Айдардың партияларында өнер көрсетіп келемін. Сондай-ақ  менің репертуарымда Калаф («Турандот», Дж. Пуччини), Хозе («Кармен» Ж. Бизе), Пинкертон («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини),  Неморино («Махаббат сусыны», Г.Доницетти), Каварадосси («Тоска», Дж.Пуччини), Рикардо («Бал-маскарад», Дж.Верди), Пинкертон («Мадам Баттерфляй», Дж.Пуччини) секілді жетекші рөлдер де бар. Әр театр маусымы сайын мен өзімді жаңа бейнелерде байқап көрудемін. Жалпы, біздің опера труппамыз әрдайым ізденіс үстінде жүреді, өйткені «Астана Опера» театрының репертуары жылына кемінде бір опералық спектакльмен толығып отырады, одан бөлек отандық және шетелдік композиторлардың туындылары, опералардан ариялар шырқалатын концерттер өтеді. Бір сөзбен айтқанда, театр –  шығармашылықпен айналысатын қасиетті мекеніміз. Орталық Азиядағы ең сәулетті театр – «Астана Операда» еңбек ететінімізді мақтаныш санаймыз.  Еліміздің мәдениеті мен өнері дамып жатқанына қуаныштымыз, - деді спикер.

16-10-4.jpg

Сондай-ақ Мейір Байнеш қазақстандықтарды алда келе жатқан Республика күнімен құттықтады. 

Міне, санаулы күндерден кейін  қазақстандықтар Республика күнін атап өткелі отыр.   Бұл  күн – халқымыз үшін өте қастерлі мереке. Аға ұрпақ өкілдері бұл күннің тарихи маңызы өте жоғары екенін жақсы біледі. 1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастаған еді. Бүгінде Қазақстанды барлық әлем мәдениеті, экономикасы, медицинасы мен спорты дамыған алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде таниды. Қай елге гастрольмен барсам да, мен өзімді қазақстандықпын деп мақтанышпен таныстырамын. Елім аман болсын, жерім аман болсын деймін! Барлықтарын Республика күнімен құттықтап, мықты денсаулық, отбасыларына амандық тілеймін, - деп сөзін түйіндеді Мейір Байнеш.