«Qimyldama» тележобасының шығармашылық ұжымы марапатталды
Ішкі істер министрлігінде «Qimyldama» телехикаясының шығармашылық ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
15 бөлімнен тұратын жобада қарапайым блогер жігіттің полиция қызметіндегі қиындықтармен бетпе-бет келуі көрсетіледі. Шынайы оқиғаларға негізделген сценарий, әр рөлге бекітілген актерлер, түсірілім тобының ауызбіршілігі өз жемісін берді. Тәртіп сақшылары туралы сериалды ішкі істер министрі жоғары бағалады.
Телехикаяның мақсаты – сақшылардың тынымсыз жұмысын жан-жақты көрсетіп, ішкі істер органдары мен азаматтар арасын жақындата түсу. Қонақтар тың идеяларымен қызықты туындыларды жарыққа шығарып, отандық жобалардың жанкүйерлерін әлі талай қуантатынын жеткізді.
-->15 бөлімнен тұратын жобада қарапайым блогер жігіттің полиция қызметіндегі қиындықтармен бетпе-бет келуі көрсетіледі. Шынайы оқиғаларға негізделген сценарий, әр рөлге бекітілген актерлер, түсірілім тобының ауызбіршілігі өз жемісін берді. Тәртіп сақшылары туралы сериалды ішкі істер министрі жоғары бағалады.
Жалпы полиция жұмысының жақсылығын да, ауыр тұстарын да халыққа жеткізіп, көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді ведомство басшысы Ержан Саденов.