Мәдениет

Астанада академик Әділ Ахметовтің кітаптарының тұсауы кесілді

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, елші-дипломат Әділ Ахметтің «Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» және «Викиңдердің ізімен» атты кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Elorda.info. 

«Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» атты монографияға Әділ Құрманжанұлының күллі әлемге танымал саясаткерлер мен Нобель сыйлығы иегерлерінің жаһанданған бүгінгі әлемнің геосаяси келбетін айшықтайтын бірегей туындыларын сараптауға бағытталған эсселері мен мақалалар топтамасы енгізілген. Кітап мемлекет қызметкерлеріне, саясаткерлерге, дипломаттарға және халықаралық қатынастар саласында маманданып жүрген жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттарына арналады.

Ал, жаңадан жарық көрген «Викиңдердің ізімен» кітабында профессор байырғы скифия мен викиң өркениеттеріне деген жаңа көзқарасты көкейге қонымды дәлелдер мен дәйектерге сүйене отырып, әлем ғалымдары жүргізген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне табан тірейді. 

55.jpg

Екі кітап та ғалымның ұзақ жылдар бойғы тынымсыз зерттеуінің жемісі. Тәжірибелі саясаткердің бұдан бұрынғы еңбектерінде де  әлемнің геосаяси келбеті мен ондағы еліміздің орны жайлы сараптамалық ойлар жинақталған. 

Жиынды жүргізген белгілі ғалым, Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі бұл екі кітап рухани, танымдық, ғылыми ортаға үлкен олжа болып қосылғанын атап өтті. 

744.jpg

Одан кейін сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов Әділ Ахметпен бірге барған Норвегия сапары туралы айтып, сондағы викиңдердің тілдік тұрғыдан қазақтардың сөздерімен ұқсастығына таңғалғандарын, Әділ Құрманжанұлы соны індете зерттегенін айтты. Әділ Ахметтің өмір жолына шолу жасады.   

Аталмыш еңбектер туралы экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, мемлекет және қоғам қайраткері Жақсыбек Күлекеев, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Дарико Мәжіденова, Азиядағы сенім шаралары кеңесі хатшылығының басшысы, филолог-шығыстанушы Қайрат Сарыбай, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Шерубай Құрманбайұлы пікірлерін айтты. Тұсаукесері өткен кітаптардың авторы Әділ Ахмет аталған тақырыптарды зерттеуге қалай келгенін, алдындағы кітаптарының қалай жарық көргенін айта келе, жиналғандарға алғысын жеткізді. Осы жиын ғылыми конференцияға айналғанын атап өтті. «Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» және «Викиңдердің ізімен» кітаптарын Ұлттық академиялық кітапханаға сыйлады. Аталмыш кітапхана директоры Ғазиза Құдайберген өз тарапынан сыйға алған жаңа кітаптардың құндылығы туралы сөз қозғап, ұсыныстарын жеткізді.           

                                                                                                                                                                                                                   Аманғали ҚАЛЖАНОВ

-->

Әділ ағаның кітаптары туралы көп айтуға болады. Алдында қырық мың жыл бұрын Алтайдан Беринг арқылы Америка асқан үндістерді біздің қоғамға сүйіншілесе, қазір енді викиндердің де Хазария мен Каспиймен түбірлес екендігін, ұлы көшпелілер өркениетімен сабақтасып жатқандығын тайға таңба басқандай, қазіргі ғылыми жаңалықтар мен ДНҚ-ның және басқа да зерттеулердің нәтижелерімен ұштастыра отырып, терең тұжырымдар жасайды, - деген Дархан Қыдырәлі  «Викиңдердің ізімен» және «Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» кітаптардың құндылығына тоқталды. 

744.jpg

Одан кейін сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов Әділ Ахметпен бірге барған Норвегия сапары туралы айтып, сондағы викиңдердің тілдік тұрғыдан қазақтардың сөздерімен ұқсастығына таңғалғандарын, Әділ Құрманжанұлы соны індете зерттегенін айтты. Әділ Ахметтің өмір жолына шолу жасады.   

Әдекеңнің зерттеушілік таланты тәуелсіздік келгенде ашылды. Бұрын да ғылыммен шұғылданып жүрді, бұрын да зерттеушілікпен айналысты. Университеттің қарапайым оқытушысынан ректоры қызметіне дейін жетті. Бірақ шын мәнінде елдің назарына тәуелсіздік жылдары ілікті, - деді Қуаныш Сұлтанов. 