Назым Сағынтай: Отаны жоқ адам – ормансыз бұлбұл тәрізді
Санаулы күндерден соң еліміздің төл мерекесі Республика күнін атап өтеміз. Осы орайда белгілі опера әншісі, «Астана Опера» театрының солисі Назым Сағынтай ел халқын ұлық мерекемен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Белгілі өнер иесі жүректе отанға деген махаббат болмаған жағдайда туған жерге қызмет ету дегенннің не екенін білмей кететіндігін айтады.
Ол 2017 жылдан «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасында солист болып еңбек етеді. Өзі еліміздегі ең көп сұранысқа ие өнер ұжымдардың бірінде еңбек етіп жатқанын мақтан тұтатындығын жеткізді.
Классикалық дегдар өнердің иесі, өзінің өнерде бағын ашқан туынды туралы да айтып кетті.
Назым Сағынтай биыл халықаралық талаптарға сай опера әншілерін даярлайтын бірегей оқу ордасы – Astana Opera Халықаралық опера академиясын тамамдаған. Айтуынша аталған оқу орнын бітірген соң, репертуары бірқатар маңызды партиялармен толыққан. Ол осы уақытқа дейін Ресей, Беларусь, Сербия, Мажарстан, Франция, Германия, Аустрия, Испания, Мысыр, Иордания, Жапония, Өзбекстан секілді алыс-жақын шет мемлекеттердің сахналарында өнер көрсеткен.
Өнер иесі бірінші кезекте адам бойында Алла берген талант болу керек дегенді айтады. Содан кейін тынымсыз еңбек қажет. Опера әншісі өзі үнемі ізденісте жүретінін, өз-өзін қайраумен келетіндігін жетікізе келе, сүйікті тыңдармандары мен барша отандастарына алдағы ұлық мерекемен шын жүректен құттықтауын жеткізді.
-->
Белгілі өнер иесі жүректе отанға деген махаббат болмаған жағдайда туған жерге қызмет ету дегенннің не екенін білмей кететіндігін айтады.
Әр адамға өзінің туып-өскен жері, Отаны ыстық деп ойлаймын. Осынау патриоттық сезім бізді елдің игілігі жолында еңбек етуге, халыққа пайдалы іспен шұғылдануға түрткі болады. Жүректе Отанға деген махаббат болмағанда адамдар ормансыз бұлбұл тәрізді кез келген елді паналап, туған жерге қызмет етудің, халықпен бірге жасасудың не екенін білмей өтер еді деп ойлаймын. Біздің отбасымызда ата-анамыз балаларды терең отансүйгіштік сезімді бойларына сіңіріп өсірді. Міне, осы тәрбиемен өнер саласында еңбек етіп келе жатқан жайымыз бар, - дейді әнші.
Ол 2017 жылдан «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасында солист болып еңбек етеді. Өзі еліміздегі ең көп сұранысқа ие өнер ұжымдардың бірінде еңбек етіп жатқанын мақтан тұтатындығын жеткізді.
Өзім солист болып жұмыс істейтін «Астана Опера» театрында өнер адамдарының шығармашылықпен айналысуына барлық жағдайлар жасалған. Біздің опера труппамыз Қазақстандағы ең сұранысқа ие ұжымдардың бірі болып табылады, труппаны еліміздің және шетелдің үздік театрлары өнер көрсетуге жиі шақырады. Осындай қазақстандық опера сахнасының жұлдыздарымен әріптес болғанымды мақтаныш санаймын,- дейді Н.Сағынтай.
Классикалық дегдар өнердің иесі, өзінің өнерде бағын ашқан туынды туралы да айтып кетті.
Шынында, менің өнердегі жолымды ашқан «Қыз Жібек» туындысы болды. Осыдан бес жыл бұрын «Астана Операда» қазақ операсының інжу-маржанына айналған «Қыз Жібек» туындысының премьерасы қойылып, сондағы басты рөлді мен сомдаған едім. Спектакльді тамашалаған талғампаз көрерменнің қошеметінде шек болмады. Сондай-ақ менің орындауымдағы «Абай» операсындағы Ажар, «Қалқаман – Мамыр» операсындағы Мамыр рөлдерін көрермендер әрдайым жылы қабылдайды,-деп атап өтті ол.
Назым Сағынтай биыл халықаралық талаптарға сай опера әншілерін даярлайтын бірегей оқу ордасы – Astana Opera Халықаралық опера академиясын тамамдаған. Айтуынша аталған оқу орнын бітірген соң, репертуары бірқатар маңызды партиялармен толыққан. Ол осы уақытқа дейін Ресей, Беларусь, Сербия, Мажарстан, Франция, Германия, Аустрия, Испания, Мысыр, Иордания, Жапония, Өзбекстан секілді алыс-жақын шет мемлекеттердің сахналарында өнер көрсеткен.
Өнер иесі бірінші кезекте адам бойында Алла берген талант болу керек дегенді айтады. Содан кейін тынымсыз еңбек қажет. Опера әншісі өзі үнемі ізденісте жүретінін, өз-өзін қайраумен келетіндігін жетікізе келе, сүйікті тыңдармандары мен барша отандастарына алдағы ұлық мерекемен шын жүректен құттықтауын жеткізді.
Отандастарымды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы бастама көтергенде барлығымыз қуанған болатынбыз, енді міне 25 қазан күнтізбеміздегі ең маңызды күндердің біріне айналды. Бұл – еліміздің жеткен жетістіктері үшін қуанатын, егемендігімізді мақтан ететін ерекше күн. Әрбір азамат аянбай еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлесін қоса берсе, бізді бұдан да жарқын күндер тосатынына кәміл сенемін. Әрбір шаңырақта шаттық орнасын, халқымыздың мерейі арта берсін, аспанымыз әрдайым ашық болсын! - деді әнші.