Маңғыстаулықтар Наурыз мерекесінде әлемдік рекорд орнататын болады
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Каспий жағалауында қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге танытатын фестиваль өтеді. Осылайша, маңғыстаулықтар әлемнің Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақтың ұлттық киімін Гиннес кітабына тіркеу үшін халықаралық комиссия мүшелері арнайы Ақтауға келеді. Шараға 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
«Kazakh Record фестивалі қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауды көздейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, бұл шара жастардың патриоттық рухын оятып, қазақи салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.
Ұлттық киімді құрметтеп, оның сәні мен мәнін әлемге паш еткісі келетін барша қазақстандықты Kazakh Record фестиваліне шақырамыз!», - делінген әкімдік хабарламасында.