Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты оқу орындарына жөндеу жүргізіледі
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мәдениет және спорт министрлігіне қарасты бірқатар оқу орындарының ғимараттарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Мысалы, Алматы қаласының әкімдігі Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ға ауданы 1000 ш.м. құрайтын үй-жайлы оқу корпусын ашуды тапсырды. Биыл академия осы үй-жайды қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжатын әзірлейтін болады. Сонымен қатар ЖОО студенттері үшін жаңа жатақхана салу бойынша БЖТ әзірленуде.
Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары жатақханада, ойын залында, семсерлесу залында, күрес залында және асханада жүргізілді.
Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі жатақханасында косметикалық жөндеу жүргізілді. Ал Риддер қаласындағы олимпиада резерві республикалық мектеп-интернат-колледжінде қойма үй-жайларына, цехтарға, шағын және үлкен залдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Косметикалық жөндеу Республикалық спорт колледжінде де жүргізілді.
-->Мысалы, Алматы қаласының әкімдігі Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ға ауданы 1000 ш.м. құрайтын үй-жайлы оқу корпусын ашуды тапсырды. Биыл академия осы үй-жайды қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжатын әзірлейтін болады. Сонымен қатар ЖОО студенттері үшін жаңа жатақхана салу бойынша БЖТ әзірленуде.
Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары жатақханада, ойын залында, семсерлесу залында, күрес залында және асханада жүргізілді.
Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі жатақханасында косметикалық жөндеу жүргізілді. Ал Риддер қаласындағы олимпиада резерві республикалық мектеп-интернат-колледжінде қойма үй-жайларына, цехтарға, шағын және үлкен залдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Косметикалық жөндеу Республикалық спорт колледжінде де жүргізілді.
«Барлық жөндеу - құрылыс жұмыстары санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, мәлімделген мерзімдерге сәйкес аяқталады. Сонымен қатар, жыл сайын музыкалық аспаптарды, спорттық құрал-саймандарды және басқа да қажетті жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінеді. Келесі жылы бұл мақсатқа мәдениет және өнер саласындағы 4 колледжге 133 млн теңге бөлінеді», - деді Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы Жанат Ахметов.