Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өседі
Отандық бағдарламада Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты. Мәдениет саласындағы өзгерістер туралы министр «Хабар 24» телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар министр отандық бағдарлама барысында 2029 жылға дейін кинотеатрларда көрсетілетін отандық фильмнің үлесі 35 пайызға жететінін атап өтті.
Бұдан бөлек Асхат Оралов мәдениет саласындағы жұмыс тұжырымдамасы өзгеретінін айтты. Сондай-ақ министр Париждегі Лувр музейінде 2026 жылы қазақ мәдениетінің тарихы жайында көрме ұйымдастыру жоспарланғанын жеткізді.
-->Отандық бағдарламада Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты. Мәдениет саласындағы өзгерістер туралы министр «Хабар 24» телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Өзіміздің министрлікке қарасты 20 мың қызметкер бар. Солардың жалақысы биылдан бастап 23 пайызға өсті. Ел көлемінде, ауданға дейін жалақы өсті. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасы бар. Енді осы 3-4 жылдың ішінде жалпы мәдениет, өнер саласы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өседі, - деді министр.
Сонымен қатар министр отандық бағдарлама барысында 2029 жылға дейін кинотеатрларда көрсетілетін отандық фильмнің үлесі 35 пайызға жететінін атап өтті.
Қазір отандық фильм үлесі 10-12 пайыз. Қалғаны шетелдің киносы. Тағы бір жаңалық - жылына әлемдік деңгейдегі 15 фильмді қазақ тіліне аудару көзделіп отыр,- деді Асхат Оралов.