Мәдениет

Ұлттық ұланның ерлер хоры Шереметьевода Абайдың әнін шырқады

Ұлттық ұланның ән және би ансамблінің ерлер хоры Мәскеудегі Шереметьево әуежайының жолаушылары үшін күтпеген музыкалық сыйлық жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Күту залында қазақстандық өнерпаздар ағартушы әрі композитор Абай Құнанбайұлының танымал «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Өнер көрсету арқылы олар ақынның 180 жылдық мерейтойын атап өтіп, әуежай қонақтарына ұлттық нақыш пен ел мәдениетінің бай мұрасын сезінуге мүмкіндік берді.

«Бұл әннің тек концерт сахнасында ғана емес, түрлі ұлт өкілі мен мәдениет тоғысатын жерде шырқалуы маңызды деп санадық. Осылайша біз Қазақстан жайлы сыр шертіп, ұлы Абайға құрмет көрсеттік», - деп бөлісті хор мүшесі Бауыржан Алтынбеков.


Шырқалған әуен тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді. Көпшілік аялдап, әуезді әнді тыңдап, өнерпаздарды телефонға түсіріп, қошемет көрсетті.