Инклюзивтік кино: Астанада режиссер Әзиз Зайыровты еске алу кеші өтті
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жазылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Астана қаласындағы OzgeEpic креативті хабында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен белгілі отандық режиссер, «Шексіз мүмкіндіктер» трилогиясы авторларының бірі әрі продюсері Әзиз Заировты еске алу кеші өтті», - делінген хабарламада.