Иманбек «Грэмми» сыйлығына үміткерлер тізіміне тағы енді
Қазақстандық музыкант және еліміздегі алғашқы «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов «Латын Грэмми» номинациясына ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оның әнші Taichu-мен бірге орындаған Ella Quiere Techno композициясы «Үздік латын электрондық музыкасының орындалуы» (Best Latin Electronic Music Performance) категориясына ұсынылды.
Осы номинацияда тағы төрт трек бар: Orión – Sistek Remix, Qqqq, Rulay En Dubai (Extended) және Veneka.
Финалдық дауыс беру 1 қазаннан басталады, ал Latin Grammy 2025 марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді.