Мәдениет

Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты

Қазақстанның Хорватиядағы Елшілігі «Балалар – үздік әлем үшін» қауымдастығымен бірлесе отырып, Самобор қаласының оқушыларына, ата-аналарына және мектеп оқытушыларына Қазақстанмен, оның тарихымен, мәдениетімен және географиясымен танысуға арналған іс-шара өткізді, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оларға елшілік ұйымдастырған еліміз туралы мультимедиялық таныстырылым, сондай-ақ хорват тілінде жарық көрген Алдар Көсе туралы қазақ ертегілерінің жинағы ұсынылды. Бұл дүниелер балаларды Қазақстанның рухани мұрасымен және халқымыздың бай тарихымен қолжетімді әрі қызықты түрде таныстыруға мүмкіндік берді.

Мәдени акция аясында қазақтың ұлттық киімі, Қазақстанның көрікті жерлері туралы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ ақпараттық брошюралар мен туристік буклеттер және ұлттық кәдесыйлар таратылды. Сәндік-қолданбалы өнер заттары, фотокартиналар мен Қазақ асханасының дәстүрлі тағамдары ұсынылып, қонақтарға Ұлы дала көшпелі халықтарының мәдениеті мен тұрмысын көрсетті. Көшпенділердің ғасырлар бойғы тарихы мен бай мұрасы Балқандар тарапынан үлкен қызығушылық тудырады.

Іс-шараға қатысушылар қазақстандық қонақжайлылықтың игі дәстүрлерін толығымен сезіне алды. Хорватиялық оқушыларға сыйлық ретінде қазақ халқының салт-дәстүрлері бейнеленген ашықхаттар мен қазақ ертегілері кітаптары таратылды.   

«Балалар – үздік әлем үшін» Қауымдастығының басшылығы қазақ дипломаттарға алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасына амандық пен өркендеуді тіледі.

-->