«Гауһартас» сахналанбай тұрып танымал болды - Дінислам Нұрмағамбетов
Елорда тұрғындары мен қонақтары «Гауһартас» повесінің сахналық нұсқасын асыға күтті. Күткені соншалық, премьера ақпан айында өтсе де, әлі күнге дейін қойылымға деген сұраныс жоғары. Жазушы, драматург Дулат Исабековтің қаламынан туған ең алғашқы тырнақалды туындысын Музыкалық жас көрермен театрының өнерпаздары музыкалық драма жанрында сахналаған болатын. Elorda.info тілшісі қойылымда Салтанаттың қайнысы - Қайыркеннің рөлін сомдаған актер Дінислам Нұрмағамбетовпен тілдесіп, кейіпкері жайлы әңгімелесті.
-«Гауһартас» прозасын сахналауға қаншалықты ұзақ дайындалдыңыз?
- Бұл прозаны сахналауға ұсыныс білдірген өзіміздің ұстазымыз - Асхат Маемиров. Сол кезде «Гауһартастағы» Қайыркеннің рөлін беремін деп алдын ала айтқан. Басында келіскеніммен, кейін бізге сценарий берілген кезде Қайыркеннің бір шетінен автор болса, екінші жағынан қойылымда кейіпкер ретінде ойнап жүру керек. Сосын қайтадан автор болады. Шамамен «Гауһартас» шығармасын толығымен жаттау керек болды. Сол жағынан басында өте қиынға түсті. «Режиссер күткендей рөлді ойнап шыға аламын ба?» деген уайым болды. Өздеріңіз көргендей музыкалық драмадағы әртістер жақсы алып шықты деп ойлаймын. Бұл қойылым менің театр кеңістігіндегі ауқымды рөлдерімнің бірі деп айтсам болады.
-Жетпісінші жылдардағы өмір суреттелген қойылым осымен 73-ші рет сахналанды. Соған қарамастан осы жолы да аншлагпен өтіп жатыр. Өзіңіз басты кейіпкердің бірін сомдаған актер ретінде алғашында осындай сұраныс болады деп ойладыңыз ба?
- Дайындық барысында біз қойылымның кейбір үзінділерін әлеуметтік желіге салдық. Сол кездің өзінде-ақ миллиондаған қаралым жинап үлгерді. Дәл осылай бұл қойылым толық сахналанбай жатып танымалдылыққа ие болды. Оқырмандар тарапынан «қашан қойылым болады?» деген сұрақтар өте көп түсті. Сондықтан да билеттер жақсы өтетінің білдік, бірақ дәл бүгінгі күнге дейін аншлаг болады деп күтпедік. Әлеуметтік желі қойылымды танымал еткен фактінің бірі деп айтуға болады.
-Отбасылық құндылықты дәріптеген прозаның жарық көргеніне 52 жыл, ал фильм түсірілгеніне 48 жыл толды. Қалай ойлайсыз, театр өнерпаздары оқиға желісін жеткізе алды ма?
- Бұл сұраққа туынды авторының сөзімен жауап бергім келіп тұр. Примьераға драматург Дулат Исабеков келіп, қойылымды тамашалады. Ол кісі «Мен өзіме риза болмай жүргеніме өте көп болып еді. Бүгін өзіме риза болып тұрмын» деп айтқан еді. Осы пікірден кейін біз оқиға желісін көреремендерге жеткізе алдық деп сеніммен айта аламын.
-Премьерадан кейін пікір білдіргендер көп болған шығар. Ерекше есіңізде қалғанын айта кетесіз бе?
- Қойылымнан кейін пікір білдіретін адам көп болды. Әсіресе, үлкен кісілер көз жасын тия алмай рахметін айтып, батасын беріп жатты. Тіпті, актер-актрисаларды іздеп келетіндер болды. Олар басқа қойылым кезінде де келіп, «Өткен жолы Гауһартасты көрдік, саған бата берейін деп едім» деген апалар көп болды. Жас буынның арасында да әлеуметтік желіге «Театрға деген махаббатымыз ашылып жатыр» деп қойылым туралы әсерлерімен бөлісті. Мұндай тілек-лебіздер бізді өте қатты шабыттандырады.
-Қарапайым тіршілік кешкен шағын отбасының өмірі арқау болған шығарма жар қадірін ұғыну және шынайы сезімді бағалауға шақырады. Үйдің үлкен ұлы Тастан мен оның адал да нәзік әйелі Салтанат екеуінің қарым-қатынасы қазіргі отбасылардағы проблеманы көрсетті ме?
- Әрине! «Гауһартас» несімен әлі күнге дейін ұмытылмай, деңгейі биік болып тұр? Себебі, оқиға желісіндегі мәселенің қанша уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтпай келе жатқандығы деп білемін. Өкінішке орай, бұл мәселе әлі де кейбір отбасыларда көрініс тауып келеді. Әйел адамды, келінді құрметтемеу жағдайлары бар. Бұл қойылымды шын ниетімен көрген адам бір ой түйіп кетеді деген ойдамын. Бұл жерде ең алдымен - адамды тірі, жанында жүрген кезінде қадірін білу. Жоғалтып алғаннан кейін өкінуден еш пайда жоқ. Сол себепті қойылымдағы Тастан мен Салтанаттың арасындағы қарым-қатынастан көп дүние байқауға болады. Кейбір адамдардың болмысы Тастан сияқты. Әрине, ата-ана тәрбиесі өте маңызды. Бірақ тәрбиедегі қаталдықты өмір бойына сініріп алатын адамдар болады. Сондықтан да ол екеуін ажыра білу керек.
Бүгінде қазақ отбасында келін мен оның қайнысы дәл Салтанат пен Қайыркен сияқты араласады деп ойлайсыз ба?
- Әрине бұл женеше мен қайын іні арасындағы байланыс бұрыннан бері келе жатыр. Достық махаббат деп айтуға болады. Бір-біріне жаны ашып, көмектескісі келіп тұрады. Қазірде бұл әдемі қарым-қатынас бар.
-Бұл қойылым эмоцияға толы болды. Дайындық барысында және қойылым кезінде эмоцияға берілу қиын болған жоқ па?
- Иә, бұл қойылымда эмоционалды сахналар көп. Басында қиын болды. Бұл шығарманы оқып отырған кезде көзіме жас тола береді. Басында қойылым кезінде жылап тоқтай алмай, өксікке кетіп қалған кездер болды. Менің театрдағы жолым енді қалыптасып келе жатыр. Жас актер болғаннан кейін әлі де үйренетін кездерім алда. Алға қойған мақсат көп, бұйырса жетермін.
-Сұхбатыңызға рахмет!
-->-«Гауһартас» прозасын сахналауға қаншалықты ұзақ дайындалдыңыз?