Мәдениет

Елордалық жеткіншектер тегін фильм тамашалады

Бүгін елордадағы кинотеатрлардың бірінде «SOS Балалар ауылы» тәрбиеленушілері мен  «Жас сарбаз» клубы мүшелері патриоттыққа баулитын анимациялық фильмді тегін тамашалады, деп хабарлады Elorda.info

фильм1.jpg

Аталған іс-шара Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы», ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, SF ресторан желісі, Kinopark кинотеатры және Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен өтті. 

сок.jpg

Бұл игі іс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. 

 Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясы «Жас сарбаз»  әскери-патриоттық сыныбының оқушысы Ислам Мұстафа фильм туралы өз әсерімен бөлісті.

Балалар фильмді тамашалаған соң бір-бірімен пікір алмасты.  

-->

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық өңірлерде әсери-патриоттық қоғамдық бірлестігі құрылды. Осы қозғалыс бес жылдың ішінде ауқымды істер атқарды. Жылда балалар үйімен тығыз байланыста жұмыс жасаудамыз. Соның ішінде Астана қаласы «SOS Балалар ауылы» бар, мұнда да біз «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубын құрып, жас жеткіншектерге ерлік сабақтарын өткізу арқылы олардың отансүйгіштік рухын арттыруға үлес қосып келеміз. Бүгінгі балалар мен жасөспірімдерге ұсынылып отырған фильм де мақсатқа жету жолындағы ерік-жігерді шыңдауға  баулиды. Бүнігні көрсетілімге 100 баланы қамтып отырмыз. Оның ішіінде 50 бала балалар үйінен болса, қалғаны «Жас сарбаздықтар» , - деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қаласы филиалының төрағасы Налшыбек Асхат. 

сок.jpg

Бұл игі іс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. 

Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» да келешек ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне белсене атсалысады. Сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше көңіл бөледі. Отбасы күніне орай өткізіліп отырған бүгінгі іс-шара тегін ұйымдастырылып отыр. Жалпы, бұл жоба әр жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді, - деді Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы Әлібек Жүсіпов.

 Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясы «Жас сарбаз»  әскери-патриоттық сыныбының оқушысы Ислам Мұстафа фильм туралы өз әсерімен бөлісті.

Мультфильмді тамашалап шықтық. Бір сәт ертегілер әлемінде болып қайтқандай әсердеміз. Бас кейіпкердің қоғамға көмектесу жолындағы жігері мен қайсарлығы тәнті етті. Өзім де 7-сыныптан бастап «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбында оқимын. Мұнда біз өзге пәндермен қоса спорттық жаттығулар жасаймыз, әскери машықтарға үйренеміз. Болашақта елімді, жерімді қорғар әскери азамат болғым келеді, - деді Жәнібек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбының оқушысы Ислам Мұстафа.

Балалар фильмді тамашалаған соң бір-бірімен пікір алмасты.