Елордадағы орталықта Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» сақталған
Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Архив және болашақ ұрпақ» републикалық жобасы аясында Ашық есік күні өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Балалар жылына арналған іс-шарада студенттер орталықтағы сирек кітаптар көрмесін ғана емес, архивтің ішкі жұмысымен танысуға да мүмкіндік алды. Іс-шараға ЖОО мұғалімдері мен ғалымдар да қатысты.
Елімізде баламасы жоқ орталықтағы ең құнды кітап – Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» бар. Бұл XVII ғасырда жазылған. Бұдан басқа XVIII-XIX ғасырлардағы араб-парсы, шағатай, төте жазумен жазылған және латын графикалы 200-ге жуық кітап сақтаулы. Ресей империясының елімізге қатысты шығарған көптеген шешімдері мене заңдарының тұтас топтамасы да – көп зерттеуге арқау болар бағалы тарихи дерек.
Ал орталықтың жалпы қоры 9 мың кітап, оның 2 мыңы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар. Шағатай тілінде жазылған қолжазбаларды оқып, аударып жүрген орталықтың қызметкері, шығыстанушы, белгілі журналист Мұхаметқали Баймұқанов жастарға бұл, негізінен, зерттеу орталығы екенін айтты.
ЕҰУ тарих факультеті студенттеріне жол бастап келген тарих ғылымдарының кандидаты Нұргүл Мұхаметжанова да іс-шараның маңыздылығын айтып өтті.
Ашық есік күні студенттер құнды тарихи дүниелердің қалпына келтірілу, сақталу, цифрландырылу процестерін көріп, архивтің ішкі өмірімен етене танысты.
-->
Балалар жылына арналған іс-шарада студенттер орталықтағы сирек кітаптар көрмесін ғана емес, архивтің ішкі жұмысымен танысуға да мүмкіндік алды. Іс-шараға ЖОО мұғалімдері мен ғалымдар да қатысты.
Біз былтырдан бастап республикалық деңгейде архивтің ашық күндерін жарияладық. Содан бастап жыл сайын 21 қыркүйекте аймақтардағы барлық архивтердің есіктері айқара ашылады. Жастар өздері көп біле бермейтін архив тынысымен қанығатын болады, - деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов.
Елімізде баламасы жоқ орталықтағы ең құнды кітап – Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» бар. Бұл XVII ғасырда жазылған. Бұдан басқа XVIII-XIX ғасырлардағы араб-парсы, шағатай, төте жазумен жазылған және латын графикалы 200-ге жуық кітап сақтаулы. Ресей империясының елімізге қатысты шығарған көптеген шешімдері мене заңдарының тұтас топтамасы да – көп зерттеуге арқау болар бағалы тарихи дерек.
Қазір әлем бойынша қазақ тарихына, Алтын орда дәуіріне қатысты кітаптарды жинап жатырмыз. Мысалы, былтыр 10 елге шықтық. 150-ге жуық кітап мен қолжазбаны елге қайтардық. Яғни, көшірмелерін орталыққа әкелдік. Елімізге қатысты деректерді Франция, Ұлыбритания сайттарынан тауып, жүктеп алып та қорды байытып отырмыз, - деді орталық директоры.
Ал орталықтың жалпы қоры 9 мың кітап, оның 2 мыңы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар. Шағатай тілінде жазылған қолжазбаларды оқып, аударып жүрген орталықтың қызметкері, шығыстанушы, белгілі журналист Мұхаметқали Баймұқанов жастарға бұл, негізінен, зерттеу орталығы екенін айтты.
Мұнда Алтын орда дәуірінен, яғни 800 жылдан бергі тарихымыздың жұрнағы бар. Қолжазбалардың біразы шағатай тілінде жазылған. Бұған дейін көп шығыстану ғалымдарымыз шағатай тілін білді. Бірақ, өкінішке қарай, оларға Кеңес өкіметі уақытында мүмкіндік берілмеді. Мен солардың соңғы тұяғы іспеттімін. Бірақ жалғыз өзімнің құнды дүниелерді қазақша сөйлету қолымнан келмейді, бұл үшін талантты шәкірттер болса деймін. Ал орталықта зерттеу нысаны жетерлік, - деді орталықтың қызметкері, шығыстанушы, белгілі журналист Мұхаметқали Баймұқанов.
ЕҰУ тарих факультеті студенттеріне жол бастап келген тарих ғылымдарының кандидаты Нұргүл Мұхаметжанова да іс-шараның маңыздылығын айтып өтті.
Президентіміздің архив істері аясындағы үлкен бағдарламалары – жастарымыздың тарих нұрымен сусындауына мол мүмкіндік беретін жабалар. Мемлекет басшысының 2020 жылдағы Жолдауында айтылған тарихтың ашылмай қалған ақтаңдақ беттерін қалпына келтіру, сондау XX ғасыр басындағы қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесі бойынша да келелі істер қолға алынып жатқаны қуантады. Осы орталықта сирек деректердің сақталуы да – тарихымызды түгендеуге жасалған сәтті қадамдардың арқасы. Тек осы мұрамызды оқимын, зерттеймін дейтін жастар болса, үлкен ғанибет болар еді, - деді тарих ғылымдарының кандидаты Нұргүл Мұхаметжанова.
Ашық есік күні студенттер құнды тарихи дүниелердің қалпына келтірілу, сақталу, цифрландырылу процестерін көріп, архивтің ішкі өмірімен етене танысты.