Мәдениет

Елордада әлеуметтік жобаларды этикалық тұрғыда қалай жариялау қажеттігі түсіндірілді

Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» ұйымдастырған семинар өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Семинардың негізгі бағыты – әлеуметтік тақырыптарды ұсынудың этикасы мен заманауи тәсілдеріне баса назар аударып, БАҚ өкілдерінің кәсібилігін арттыру.

Волонтерлік бастамаларды жариялаудың жаңа әдістерін зерттеу және «сезімтал ақпаратпен» («sensitive information») жұмыс барысында этикалық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды.

Іс-шараға тек БАҚ өкілдері ғана емес, сонымен қатар медиа-волонтерлер де қатысты. Бұл диалогты одан әрі жандандырып, мазмұнды етті.