Елордада Erten атты концептуалды концерт өтті
Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ақын-музыкант Мақпал Жұмабайдың Erten атты жеке концептуалды концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат жұмысындағы басым бағыттардың бірі – ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сенаторлар бұл міндетті шығармашылық индустрия өкілдерімен бірлесе отырып, жұмысты ерекше сипатта жүргізуге ниеттеніп отыр. Осы орайда, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат та бірегей концертті көпшілікпен бірге тамашалады.
Мақпал Жұмабай өз шығармаларында жасанды интеллектіні қолдана отырып, бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған перформанстар мен толғаныстардың үйлесімін бейнелейді. Айтуынша, шығармашылық мақсаты – қазақ поэзиясын заманауи музыка және жалпы өнер арқылы жетілдіру. Импровизациялық Erten туындысы адамның өткені мен бүгінін зерделей отырып, ертеңге дайын болуын мақсат тұтады.
Мақпал шердің музыкалық-поэтикалық жобасы 15 жыл бойы поэзия, музыка, кескіндеме, анимация, спектакль көріністері арқылы шығармашылық қызмет түрлерінің арасындағы шекараны ашып, қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Топ құрамында түрлі ұлт өкілдері мен әр жастағы музыканттар бар. Олар өнердің көптеген қыры мен қазіргі заманға деген көзқарастарын тыңдарман қауымға әуен арқылы жеткізеді.
Лондондағы АУА концерті әйгілі топтың халықаралық аренадағы ерекше қолтаңбасы екенін атап өткен жөн. Аңызға айналған Брюнель мұражайында өткен концерт музыкадағы жаңа ағымдар мен өнердегі есімдерді әйгілеген жер екені белгілі.
-->Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ақын-музыкант Мақпал Жұмабайдың Erten атты жеке концептуалды концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.