Елорда төрінде Жетісу әуендері шырқалды
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Қорқыт» этно ансамблі елордалықтарға «Жетісу әуендері» атты концерт ұсынды, деп хабарлайды Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Концерт шымылдығы М. Бердығұловтың «Шашу» шығармасымен ашылды. Ал концерттің негізі болған М.Әубәкіровтың «Жетісу суреттерін» орындаған шығармашылық топ тыңдарманның көз алдына Жетісу өңірінің бар көркемдігін әкелгендей болды.
Бағдарламада Д. Рақышевтың «Ән салайын», К. Әзірбаевтың «Келінжан» және «Басты өлең», Ә. Алпысбаевтың «Жібек жолы», Ш.Қорғанбектің «Қасиетті ел!» , Ж.Теміргалиевтің «Бақтыбайдың әуені» , Халық күйі «Булғын сусар», С. Мошанұлының «Сағынсан, қалқа, өзің кел», «Келінжан» және т.б композициялары орындалды.
Кеште «Қорқыт» этно ансамблі, филармонияның дәстүрлі әншілері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахым, Мәдениет саласының үздіктері Тельман Нүркенов, Нұрай Танабаев, Айгерім Нартүйе, Данияр Мұқан және Халықаралық байқаулардың лауреаттары Айдос Оңғарбай, Алуа Қалымбекова, Нұржан Мейірхан өнер көрсетті.
-->

Концерттің негізгі мақсаты – Жетісу композиторларының әндерін, күйлерін насихаттау. Сонымен қатар, этно ансамблінің орындаушылық шеберлігін көпке таныту. Жалпы, біздің өнер ұжымы қатысқан байқауларда, концерттерде өнерсүйер көпшілік ылғи өз риаашылықтарын білдіріп жатады. Бүгінгі концерт те өте сәтті өтті деп ойлаймын. Тыңдармандар «бейне бір спектакль тамашалағандай болып шықтық» деп әсерлерімен бөлісуде. Осылайша ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қосып жатқанымызға дән ризамыз, - деді «Қорқыт» этно ансамблі – дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек.