Мәдениет

Елімізде Ұлттық кітап күні белгіленді

Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді, деп хабарлады Elorda.info.

Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

-->

Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз, – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.