Мәдениет

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттерді туроператорлар сатады

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер әншінің концертінің ресми серіктесі Kompas туроператоры арқылы сатылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Туроператордың баспасөз қызметінің мәліметінше, концертке кіру билеті бар турпакет туристер үшін де, қазақстандықтар үшін де қолжетімді болады.

«Kompas турпакеттерді сатылымға дайындап жатыр. Сатылымға 2-3 күнде шығып қалады. Турпакет алған кезде ваучер береміз және концерттің басталуына  З күн қалғанда бірігей QR-код беріледі»,- деп жауап берді Kompas туроператоры.