«Элио» толықметражды фильмі қазақ тілінде көрсетіліп жатыр
18 маусым күні Алматыда Disney мен Pixar студияларының «Элио» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Көрсетілімге елімізге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен депутаттар, дубляж актерлары мен блогерлер, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 40-ға жуық нұсқасын дайындайды.
Осы бастама аясында Disney студиясы 2024 жылы «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша», биыл «Ақшақар», «Лило мен Стич» деп аталатын фильмдерін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды.

Қазақ тілінің ірі халықаралық студиялар өз қаражатымен қолдайтын тілдердің қатарына қосылуы – тіліміздің дамуы үшін өте маңызды оқиға. Енді көрерменге 19 маусымнан бастап «Элио» туындысы ұсынылды.