Мәдениет

Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның әнұранын орындады

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің чилилік 17 жанкүйері Қазақстанның әнұранын орындады. Бұл әсерлі орындау Чили мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасу мен достықтың символына айналды, деп хабарлады Elorda.info.

Әнұранның бейнежазбасы алғаш рет 23 шілдеде Қазақстанның Бразилиядағы елшілігінде өткен арнайы іс-шарада көрсетілген болатын. Қазақстанның Чилидегі елшісі Болат Нүсіпов премьераға қатысып, чилилік жанкүйерлердің бастамасына қолдау көрсетті.

Бұл жобада әнұранды 17 қатысушы шырқады. Олардың көпшілігі бұрын-соңды қазақ тілінде сөйлеп те көрмеген, тіпті бірде-бір сөз білмеген. Дегенмен, қазақстандық достар Әйгерім Бейсеулова, Шарапия Какимова және Әнуар Теміровтің табанды тәжірибесі мен қолдауының арқасында олар мәтінді меңгеріп, әнұранды өз дәрежесінде орындай алды.

-->

«Біз Димаш пен оның халқына ерекше, шын мәнінде мағыналы нәрсе сыйлағымыз келдіСоның негізінде, біз Қазақстанның әнұранын таңдадық», – деп бөлісті жоба қатысушылары.

Бұл жобада әнұранды 17 қатысушы шырқады. Олардың көпшілігі бұрын-соңды қазақ тілінде сөйлеп те көрмеген, тіпті бірде-бір сөз білмеген. Дегенмен, қазақстандық достар Әйгерім Бейсеулова, Шарапия Какимова және Әнуар Теміровтің табанды тәжірибесі мен қолдауының арқасында олар мәтінді меңгеріп, әнұранды өз дәрежесінде орындай алды.

«Бұл жобаны қабылдаған жанкүйерлерімізге алғысым мен ризашылығымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Олар шабыттың қайнар көзі Димаш пен оның тума таланты болса, ешқандай кедергі жоқ екенін тағы да бір дәлелдеді. Бұл жұмысқа біз бүкіл махаббатымызды арнадық», – деп атап өтті жобаға қатысушылардың бірі.