Мәдениет

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін береді

Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Stranger» атты жеке концертін өткізетінін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өнер жұлдызының концерті 2025 жылдың 5 қазанында әйгілі Madison Square Garden сахнасында өтеді.

«Әр шығармасы неоклассикалық стилімен танымал қазақстандық әнші әрі композитор, мульти-аспапшы және продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йоркте «Stranger» атты әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады. 2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йоркте Madison Square Garden сарайында кездескенше», - делінген хабарламада.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)