Мәдениет

Бір музыкант 5 аспапта ойнайтын этно ансамбль

Бүгінгі таңда рухты әндер мен күйлерді халық аспаптарының сүйемелдеуімен өнерсүйер қауым алдында орындап жүрген өнерпаздар қатары көбейіп келе жатыр. Солардың бірі – Гиннес рекордтар кітабына енген «Қорқыт» этно-ансамблі. Elorda.info тілшісі өнер ұжымымен жақынырақ танысып қайтты.

2.jpg

«Қорқыт» этно ансамблі  осыдан 8 жыл бұрын Астана қаласы әкімдігі Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның құрамында құрылған. Ұлттық дәстүрлі музыка тобына өнерпаздарды мәдениет қайраткері әрі топтың көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек өзі жинаған. Ол ансамбль мүшелерін  2015 жылы өзі дәріс беріп жүрген Қазақ ұлттық өнер университетінің 1-курсында оқитын студенттердің ішінен іріктеп алған. Бұл күнде өнер ұжымының қоржынында 400-ге жуық шығарма бар.

3.jpg

4.jpg

Бір айта кетерлігі, бұл топ өзгелерден өзіндік стилімен ерекшеленеді. Мәселен, топтың мүшелері бір емес, бірнеше аспапта ойнай алады. Музыканттардың кейбірі бір өзі  6 аспапқа дейін емін-еркін ойнайды.

5.jpg

Ансамбль өнерсүйер қауымға  өз репертуарындағы құлақтан кіріп, бойды алатын әсем ән мен тәтті күй өнерінің құдіретін дәріптеп келеді. Топ мүшелері қазіргі таңда шығармаларын қылқобыз, сырнай, шертер, бас домбыра, сыбызғы секілді ұлттық аспаптармен орындап, қазақ өнерін өз еліміз бен алыс-жақын шет елдердегі  қалың тыңдарманға пащ етіп жүр.  

6.jpg

Дәстүрлі музыканы дәріптейтін топ құрылған сәттен бастап гастрольдік сапарларға шығып тұрады. Мәселен, 2015 жылы Қытайдың Сиань қаласында өткен әлемдік деңгейдегі этно-музыканттар фестиваліне қатысып қайтты.  Сонымен қоса, 2018 жылы Астананың 20 жылдығына орай  барлық өңірлерді аралап қайтты.  

7.jpg

Ал жақында  гастрольдік сапармен Испанияға барып келді. Музыкалық ұжымның жетекшісі Шолпан Қорғанбек шетелдіктер қазақтың әуендерін ерекше ықыласпен  тыңдағанын айтады.  

8.jpg

9.jpg

Гастрольдік сапардан бөлек, музыканттар шеберліктерін арттырып отыруды ұмытпайды. Олар қалалық, республикалық, әлемдік деңгейлерде өтетін өнер байқауларына қатысып, бақ сынап тұрады. Тіпті жүлделі орындарға да ие болып жүр. 2019 жылы «Көне Тараз күмбірі» мен Қостанай өңірінде өткен республикалық фестивалге қатысып, бірінші орын алғаны сөзімізге дәлел бола алады. Оған қоса, олар 2020 жылы Катарда ұйымдастырылған «Cultural Diversity» халықаралық өнер байқауына қатысып қайтты. 

10.jpg

Ал Шолпан Қорғанбек мұндай өнер сайыстарында бақ сынау арқылы музыканттар кәсіби тұрғыда шыңдалатындығын  айтады.  

Шығармашылық топ бүгінгі күнге дейін ҚР Президенті әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, Астана қаласы Мәдениет басқармасының арнайы дипломдарымен марапатталды. 

474a4aa8-a6a8-4569-a64c-e9313463fbc8.jpg

Дәстүрлі саз тобы 2020 жылы Алтын Орда хандығының 750 жылдығы аясында бір мезетте 75 шығарманы орындап, Гиннес рекордтар кітабына енген. Сол жолы  ұжым алғаш рет нон-стоп режимінде музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен бір деммен жатқа ойнап шықты. 

Көркемдік жетекшінің айтуынша, Гиннес рекордтар кітабына ену туралы ұсынысты топ музыканттары айтқан. Ал Шолпан Қорғанбек бұл ойды қолдап, дереу дайындықты бастап кеткен. Олар 45 шығарманы 2 апта ішінде жаттап алған. 

ad388159-8c0e-4612-8415-75c34d15cf37.jpg

Кез келген қиындықты еңсеру үшін ерік-жігер болу қажет. Одан бөлек, айналысатын кәсібіңді ұнату керек. Ал бұл қасиеттер «Қорқыт» этно ансамблінің музыканттарының бойынан табылады. Олар әр нотаға ерекше сүйіспеншілікпен жан бітіруге тырысады. Нәтижесінде сол шығарманы тыңдаған өнерсүйер қауым естен кетпес әсер алып қайтады. 

c10c074b-7429-44c7-83f2-66904dabdb5d.jpg

Өнерлі топтың репертуарындағы құлақтың құрышын қандырар «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» секілді күйлер әрқашан тыңдарман тарапынан ерекше сұранысқа ие.   

Ұлттық музыканы дәріптейтін топ өнерпаздарының ішінде бірнеше аспапта ойнаумен қатар, өз жанынан күй де шығаратындары да бар. Солардың бірі – домбырашы Айбек Әрімбек. 27 жастағы Алматы қаласы тумасы қолына домбыраны алғаш рет 15 жасында алған. 

1.jpg

Ол училишеден алған білімді жетілдіру мақсатында 2015 жылы Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне «Домбырашы» мамандығына қабылданады. Бүгінгі таңда өнерлі жігіт домбыра тартудан бөлек шаңқобыз, сыбызғы аспаптарында да ойнайды. 

Айбек Алтын Орданың 750 жылдығына орай өз жанынан  «Алтын орда» атты рухты күй шығарған. Айтуынша аталған алғашқы  туындысы бар болғаны бір апта уақытта дүниеге келген.  Автордың айтуынша, өте жылдам орындалатын бұл күйден қазақ батырларының бейнесі мен сол дәуірдің тыныс-тіршілігін көруге болады. Бас-аяғы 3 бөлімнен тұратын күй 2 минут орындалады.  

«Қорқыт» ұжымы алдағы уақытта Малайзияға өнер фестиваліне баруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда өнерпаздар  сол өнер додасына дайындықтарын пысықтау үстінде. 

-->

Топ мүшелерінің барлығы да кәсіби музыканттар. Алғашында 10 адам, кейін 12 өнерпаз болдық. Ал бүгінгі таңда  санымыз 18-ге жетті. Топ   24 пен 27 жас аралығындағы қыз-жігіттерден құралған.  Барлығын да  өзім сабақ берген университетте студенттері арасынан таңдап алдым. Топ құрылған сәттен бастап көптеген байқауға қатысып келе жатырмыз,  - деді Шолпан Қорғанбек. 

4.jpg

Бір айта кетерлігі, бұл топ өзгелерден өзіндік стилімен ерекшеленеді. Мәселен, топтың мүшелері бір емес, бірнеше аспапта ойнай алады. Музыканттардың кейбірі бір өзі  6 аспапқа дейін емін-еркін ойнайды.

5.jpg

Ансамбль өнерсүйер қауымға  өз репертуарындағы құлақтан кіріп, бойды алатын әсем ән мен тәтті күй өнерінің құдіретін дәріптеп келеді. Топ мүшелері қазіргі таңда шығармаларын қылқобыз, сырнай, шертер, бас домбыра, сыбызғы секілді ұлттық аспаптармен орындап, қазақ өнерін өз еліміз бен алыс-жақын шет елдердегі  қалың тыңдарманға пащ етіп жүр.  

6.jpg

Дәстүрлі музыканы дәріптейтін топ құрылған сәттен бастап гастрольдік сапарларға шығып тұрады. Мәселен, 2015 жылы Қытайдың Сиань қаласында өткен әлемдік деңгейдегі этно-музыканттар фестиваліне қатысып қайтты.  Сонымен қоса, 2018 жылы Астананың 20 жылдығына орай  барлық өңірлерді аралап қайтты.  

7.jpg

Ал жақында  гастрольдік сапармен Испанияға барып келді. Музыкалық ұжымның жетекшісі Шолпан Қорғанбек шетелдіктер қазақтың әуендерін ерекше ықыласпен  тыңдағанын айтады.  

8.jpg

Бұл сапардан біз жақсы әсер алдық.  Испания халқы қазақтың әні мен күйін ұйып тыңдағанын көргенде тұла бойымды ерекше сезім биледі. Тіпті сондай сәтте шабыт та  келе береді екен. Музыканттардың арқалары қозып, шын жүректерімен беріле өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Жалпы, біз, өнер иелері халықтың қошеметін көрген сайын шабыттанып, бар өнерімізді сарқып беруге  барымызды саламыз, - дейді топтың көркемдік жетекшісі. 

9.jpg

Гастрольдік сапардан бөлек, музыканттар шеберліктерін арттырып отыруды ұмытпайды. Олар қалалық, республикалық, әлемдік деңгейлерде өтетін өнер байқауларына қатысып, бақ сынап тұрады. Тіпті жүлделі орындарға да ие болып жүр. 2019 жылы «Көне Тараз күмбірі» мен Қостанай өңірінде өткен республикалық фестивалге қатысып, бірінші орын алғаны сөзімізге дәлел бола алады. Оған қоса, олар 2020 жылы Катарда ұйымдастырылған «Cultural Diversity» халықаралық өнер байқауына қатысып қайтты. 

10.jpg

Ал Шолпан Қорғанбек мұндай өнер сайыстарында бақ сынау арқылы музыканттар кәсіби тұрғыда шыңдалатындығын  айтады.  

Шығармашылық топ бүгінгі күнге дейін ҚР Президенті әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, Астана қаласы Мәдениет басқармасының арнайы дипломдарымен марапатталды. 

474a4aa8-a6a8-4569-a64c-e9313463fbc8.jpg

Дәстүрлі саз тобы 2020 жылы Алтын Орда хандығының 750 жылдығы аясында бір мезетте 75 шығарманы орындап, Гиннес рекордтар кітабына енген. Сол жолы  ұжым алғаш рет нон-стоп режимінде музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен бір деммен жатқа ойнап шықты. 

Көркемдік жетекшінің айтуынша, Гиннес рекордтар кітабына ену туралы ұсынысты топ музыканттары айтқан. Ал Шолпан Қорғанбек бұл ойды қолдап, дереу дайындықты бастап кеткен. Олар 45 шығарманы 2 апта ішінде жаттап алған. 

ad388159-8c0e-4612-8415-75c34d15cf37.jpg

Әлбетте, аз ғана уақыт ішінде көп шығарманы жаттау қиын екені рас. Сол кездері дайындықты таңғы сағат сегізде бастап түнгі үште үйге  қайтқан сәттер де болды. Қателеспесем, біз шамамен күн сайын 20 сағаттай дайындалдық, - деп еске түсірді Шолпан Қорғанбек. 

Кез келген қиындықты еңсеру үшін ерік-жігер болу қажет. Одан бөлек, айналысатын кәсібіңді ұнату керек. Ал бұл қасиеттер «Қорқыт» этно ансамблінің музыканттарының бойынан табылады. Олар әр нотаға ерекше сүйіспеншілікпен жан бітіруге тырысады. Нәтижесінде сол шығарманы тыңдаған өнерсүйер қауым естен кетпес әсер алып қайтады. 

c10c074b-7429-44c7-83f2-66904dabdb5d.jpg

Өнерлі топтың репертуарындағы құлақтың құрышын қандырар «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» секілді күйлер әрқашан тыңдарман тарапынан ерекше сұранысқа ие.   

Ұлттық музыканы дәріптейтін топ өнерпаздарының ішінде бірнеше аспапта ойнаумен қатар, өз жанынан күй де шығаратындары да бар. Солардың бірі – домбырашы Айбек Әрімбек. 27 жастағы Алматы қаласы тумасы қолына домбыраны алғаш рет 15 жасында алған. 

8-9 сыныпта оқып жүргенде теледидардан домбырашы Мұрагер Сауранбаевтың жеке концертін көрдім. Ол біткен соң барша халық орнынан тұрып, қол шапалақтады. Сол сәт маған ұнағаны соншалық өмірімді осы саламен байланыстырғым келді. Сол қызығушылықпен 2011 жылы Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледжге оқуға түстім, - дейді ол.