Мәдениет

Бельгия радиосы Димашқа арналған арнайы хабар таратады

15 сәуір күні сағат 20:00-ден 22:00-ге дейін бельгиялық AFM Radio 106.3 радиостанциясы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған екі сағаттық арнайы хабар таратады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бағдарлама аясында тыңдармандар Димаштың әндерін ғана емес, оның жанкүйерлерінің әншінің шығармашылығынан алған әсерлерін де тыңдайды. Тікелей эфир кезінде Twitch AFM Radio арқылы сұрақтар қою мүмкіндігі де болады.

«Бағдарламаны келесі арналар арқылы тыңдауға болады: Жиілік 106,3 FM, Льеж аймағында (Бельгия), Radioline немесе radio.fr қолданбалары («AFM RADIO Amay» бойынша), Online Radio Box: https://onlineradiobox.com/be/afm/, Twitch: https://www.twitch.tv/afm_radiolive»,- деп жазды dimashnews.com.